Педагогтерді аттестаттау жүйесі жетілдірілуде

Оқу-ағарту министрлігі педагогтерді аттестаттау процесін жетілдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Педагогтердің дағдыларын бағалаудың жаңа ережелері 2023-2024 оқу жылында қолданыла бастады.

Ұлттық платформа негізінде аттестаттау процесі автоматтандырылды. Педагог қызметі туралы барлық ақпарат оның жеке кабинетінде жинақталған. Портфолио, сондай-ақ педагогика және оқыту әдістемесі бойынша тестілеу алынып тасталды. Педагог тек өз пәні бойынша тестілеуден өтеді. Педагог-зерттеуші мен шебер біліктілік санатын растау алынып тасталады, бірақ Ұлттық платформа арқылы да бақыланатын болады.

Кәсіби қызметке алғаш рет кірісетін немесе жұмыс өтілінен үзіліс алған педагогикалық мамандықтардың түлектері педагогтің кәсіби құзыреттілігін диагностикалауға тестілеуден өтетін болады. Педагогтерді марапаттау тетігі өзгеруде. Енді педагогтерге марапаттар олардың оқушыларының жетістіктеріне сәйкес берілетін болады, ол біліктілік санатының берілуіне ықпал етеді. Бұл зейнеткерлік жастағы мұғалімдерге де қатысты.Сонымен қатар, ұлттық білім беру дерекқоры (ҰББД) арқылы педагогтерді жұмысқа қабылдау рәсімін толық автоматтандыру да жоспарлануда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы