Педагогтерді аттестаттау ережелерін өзгерту жоспарланып отыр

Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына өзгеріс енгізбек, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Атап айтқанда, педагог профилі – Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰББДҚ) ақпараттық жүйесіне жүктелген педагогтің электронды мәліметтеріне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр.

Бұл ретте білім беру ұйымдарының басшылары атқаратын лауазымына сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет міндетті аттестаттаудан өтеді. 

Сондай-ақ келетін біліктілік санатын көтеру үшін ерікті аттестаттаудан өтеді.

Тиісті саланың уәкілетті органдарында, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім беруді басқару органдарында, білім беру ұйымдарында педагогтерді аттестаттау үшін осы мемлекеттік органдардың бірінші басшысының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін комиссиялар құрылады.

«педагог-стажер», «педагог» (білім беру ұйымдарында)

Аудандық, облыстық маңызы бар қалалық білім бөлімінің органдарында:

«педагог-модератор» (педагогтер мен әдіскерлер үшін);

«үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (басшы орынбасарлары үшін);

«басшы-ұйымдастырушы» (басшылар үшін);

Облыстың , республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру басқармаларында, тиісті облыстың уәкілетті органдарында;

«педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (педагогтер мен әдіскерлер үшін);

«педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы педагогтер мен әдіскерлер үшін);

 «педагог-шебер» (әдіскерлер үшін);            

«бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (басшы орынбасарлары үшін);            

«басшы-менеджер»; «басшы-көшбасшы» (басшылар үшін);           

 білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында:           

 «педагог-шебер» (педагогтер үшін);            

«педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» (тиісті саланың уәкілетті органының бағынысты ведомстволары үшін).

Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде               10 жыл жұмыс өтілі, «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың өкілдері, білім беруді басқару органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары кіреді. 

Білім беру ұйымдарының (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары мен басшыларының орынбасарларын аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның өкілдері, кәсіподақтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының алқалы басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің өкілдері, сондай-ақ аттестаттаушы органның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.

Бұл ретте тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушының құжаттарын жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылғы 5 мамырға және 5 қарашаға дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қарайды.

Аттестаттауды өткізу тәртібі

Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

Педагогтер үшін: 

1) біліктілік бағалау (процедураны автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);           

2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;           

3) Біліктілікті тестілеу және эссе жазу;

Әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлері үшін:

1) біліктілік бағалау (процедураны автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);

 2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;  

Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) басшысының орынбасарлары және әдіскерлері үшін «бірінші біліктілік санаты басшысының орынбасары» біліктілік санаты үшін:

1) біліктілік бағалау (процедураны автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);            

2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;           

3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;

Білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:            

міндетті аттестация:

1) біліктілік бағалау (процедураны автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);           

2) аттестаттау кезеңіндегі динамикадағы қызметтің негізгі көрсеткіштерінің орындалуын талдамалық жинақтау;

3) Біліктілікті тестілеу және эссе жазу;  

4) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;

Ерікті аттестация:

1) біліктілік бағалау (процедураны автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);            

2) осы Қағидаларға 22-қосымшаға сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорыту;

 3) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;

Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5 қарашасына дейін) немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде Сараптама кеңесінің қарауына жібереді. 

Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйеде педагог бейіні бағалау парақтарын жүктей отырып және сараптамалық қорытындымен жүйеде қаралады. Бұл жағдайда портфолионы қабылдау-тапсыру актісі бойынша құжаттарды беру талап етілмейді.

Педагогтерге кезекті біліктілік санаттарын беру тәртібі

«педагог-тағылымдамашы» біліктілік санатына:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе педагогикалық қызметке алғаш кіріскен қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, сондай-ақ педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланғанға дейін соңғы бес жыл ішінде білім беру ұйымдарында педагогикалық (оқытушылық) қызметті жүзеге асырмаған, Біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдар.

«Педагог-тағылымдамашы» біліктілік санаты сәйкес мамандыққа енгізу жөніндегі бағдарлама аяқталғанға дейін бір оқу жылына беріледі.

Педагог-тағылымдамашыға бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіледі.

Мамандыққа кіру бойынша бағдарлама аяқталғаннан кейін педагог-тағылымдамашы қызмет нәтижелері туралы есеп дайындайды, сабақтарды көрсетеді, лессон стади Lesson Study  сабақты зерттеуді жүргізеді, акшин ресерч Action Research әдісін қолданады. Педагог-тәлімгер бағдарлама нәтижелері бойынша педагогке тағылымдамадан өтушіге ұсыныс дайындайды.

Мамандыққа кіру жөніндегі бағдарламаны аяқтау және педагог-тәлімгердің оң ұсынымы қорытындысы бойынша білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі педагог-тағылымдамашыға «педагог» біліктілік санатын беру туралы шешім және онымен еңбек шартын ұзарту туралы шешім шығарады. Біліктілік санатын бергеннен кейін педагогпен бір күнтізбелік жылға еңбек шарты жасалады. Кейінгі еңбек қатынастары еңбек заңнамасы шеңберінде ресімделеді.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына алғашқы рет педагогикалық қызметке кіріскен, кемінде 2 жыл өтілі бар педагогтер Біліктілік тестілеуінен өтпей-ақ «педагог-тағылымдамашы» біліктілік санатын алады.

«педагог» біліктілік санатына:

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе «педагог-тағылымдамашы» санатына қойылатын талаптарға сәйкес келетін қайта даярлау курстарынан өткен және кемінде 1 жыл педагогикалық өтілі бар адамдар;

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, бастапқыда «педагог-тағылымдамашы» санатын беруге ұсынылатын, Біліктілік тестілеуінен сәтті өткен адамдарды қоспағанда, оның ішінде:

педагогикалық лауазымдағы жұмысын қайта бастаған (жалпы педагогикалық өтілі 1 жылдан кем емес 5 жылдан аспайтын педагогикалық лауазымға қайта бастау мерзімі) және біліктілік санаты жоқ;

білім беру ұйымдарына білім беру саласындағы уәкілетті органнан, білім беруді басқару органдарынан, әдістемелік кабинеттерден, біліктілікті арттыру институттарынан, жоғары оқу орындарынан ауысқан; 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мамандығы бойынша оқуда (тағылымдамада) болған;

педагогикалық қызметті жүзеге асырған және Қазақстан Республикасына жақын және алыс шет елдерден келген;

тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе 2021 жылғы 3 желтоқсанға дейінгі мерзімде педагог ретінде білім беру ұйымдарына қабылданған, біліктілік санаты жоқ қайта даярлау курстарынан өткен адамдар, сондай-ақ арнайы пәндер бойынша педагог лауазымдарына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері;

қосымша білім беру жүйесінде 5 және одан да көп жыл кәсіби өтілі бар адамдар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы