Бүгiн 2026, 14:20 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Мұғалімдерді артық есептен құтқаратын заң әзірленді

Педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ тапсырмалар мен қосымша есептілікті қысқарту – білім сапасын арттыруға ықпал ететін негізгі қадамдардың бірі.

Педагогтерді рилс түсіруге мәжбүрлеу, түнгі уақытта және жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруге міндеттеу, сондай-ақ есепті электронды және қағаз жүзінде қатар тапсыру секілді артық жүктемелерден қорғау мақсатында арнайы заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, аталған заң жобасы енді жұмысқа қабылданып, келесі аптадан бастап жұмыс тобының талқылауына шығарылады.

Бұл – өте маңызды мәселе. Ұстаздар артық міндетпен емес, сапалы білім мен саналы тәрбиемен айналысуы тиіс, – деді ол.

Депутаттың сөзінше, педагогтердің кәсіби қызметіне қатысы жоқ тапсырмалар мен қосымша есептілікті қысқарту – білім сапасын арттыруға ықпал ететін негізгі қадамдардың бірі.

Заң жобасы талқылау барысында жан-жақты қарастырылып, тиісті ұсыныстар енгізіледі.