Педагогикалық әдепті сақтамаған мектеп директоры жұмысынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҒМ-нің аппарат жиналысыеда Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова айтты.
Ол білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне тоқталды.
Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде Өңірлік департаменттер жанынан Педагогикалық әдеп және педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер жұмыс істеп жатыр. «Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді, - деп атап өтті Көбенова.Осыған орай, кеңестің негізгі міндеті - педагогтердің әдепті сақтау мәселелерін, педагогтердің өздеріне қатысты заңнаманы бұзу фактілерін алқалы түрде қарау және тиісті шаралар қабылдау. Кеңесті білім беру саласындағы аумақтық департаментінің басшысы басқарады.
Оның құрамына білім басқармасының, білім қызметкерлері кәсіподағының, белгілі педагогтер, Nur Otan партиясы филиалының, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшылығы, қалалық мәслихат депутаттары да кіреді.
Комитет төрағасы атап өткендей, кеңестердің отырыстары өтініштердің түсуіне қарай тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Бүгінгі күні барлық департамент кеңестердің белгіленген отырыстарын өткізді. Онда жұмыс жоспарлары бекітіліп, негізгі міндеттері анықталды.
Кеңеске бүгінгі күні мұғалімдерден өтініштер түсіп жатыр. Атап айтатын болсақ, Ақтөбе облысы, ШҚО, Жамбыл облысы мен Нұр-Сұлтан қаласының кеңестері бірінші тоқсанда білім беру ұйымдары басшыларының педагогикалық әдепті сақтамау мәселелері бойынша 9 өтінішті қарады. Мәселен, Ақтөбе облысындағы кеңеске Ақтөбе қаласындағы Көркем сурет лицейінің ата-анасынан мектеп директорының педагогикалық этиканы сақтамауына қатысты өтініш түсті. Бұл факт расталды. Кеңес ұсынысының нәтижесі бойынша Көркем сурет лицейінің директорына ескерту жасалды, - деп айтты ол.Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында №18 және №44 мектептердің педагогтерінен мектеп директорының педагогикалық әдепті сақтамауы туралы кеңеске жүгінді. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша №18 орта мектеп директорына ескерту түрінде тәртіптік жаза тағайындалды, ал №44 мектептің директоры қызметінен босаталды.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы бойынша кеңеске Коржикованың шағымы түсті. Шағымда Тараз қаласы №32 мектеп директорының әдеп нормаларды сақтамау фактілері көрсетілген. Нәтижесінде директорға ескерту жасалды.
Оның сөзінше, 8 өтініш бойынша білім беру ұйымдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылданды.