Педагог мәртебесі: Мұғалім кәсіби іс-әрекетімен үлгі болуы тиіс

Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен еліміздің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтарының съезі өтті.

«Қазіргі заманғы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, проблемалар, перспективалар» тақырыбында өткеншараға білім беру саласының 300-ден астам мамандары мен сарапшылары, Қазақстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), үкіметтік емес ұйымдар мен баспалардың өкілдері қатысты.

Қазіргі уақытта тұрған басты міндет – оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту. 3 жасар баланы 20 минут отырғызып қойып ақпаратты игеруге мәжбүрлеу дұрыс емес.Тәрбие жүйесін қайта құрып, оқытудың көп бөлігін ойын түрінде, ал бағдарламалардағы, үлгілік оқу жоспарларындағы икемділікті уақыт талабына сай беру керек,– деп атап өтті министр Асхат Аймағамбетов.

Тәуелсіздік жылдары елімізде мектепке дейінгі тәрбиені дамыту бойынша жүйелі шаралар әзірленді. Бұл облыстағы мектепке дейінгі ұйымдар желісін 10 есеге (63-тен 600-ге дейін) кеңейтуге және 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 12 есеге арттыруға мүмкіндік берді.

Бүгінде Ақмола облысында 120 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Мектепке дейінгі ұйымдардың баламалы нұсқасы пайда болды: мемлекеттік-жекешелік әріптестіктік аясында 1 млрд теңгенің 11 жобасы іске асырылуда. Бюджет есебінен осы жылдары 30-ға жуық балабақша салынды.  2025 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдар 3 мың орынға артады деп жоспарлануда, –деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова.

Шара барысында педагогтердің, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласы мен білім беру бағдарламаларына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстандық үздіксіз білім беру қауымдастығының төрайымы Лейла Куленова қоғамның заманауи тәрбиешіге ықпалы туралы өз ойымен бөлісті. Ол соңғы жылдары елімізде өзекті болып отырған қоғамның білім сапасына наразылығы тақырыбын көтеріп, қазақстандықтар арасында үлкен резонанс тудырған өрескел жағдайларды атап өтті.

Мұндай жағдайлар біздің еліміздегі бүкіл білім беру жүйесіне әсер етеді. Қазір педагог беделітөмендеп кетті. Бірақ біздің арамызда көптеген мықты профессионалдар бар, олардың еңбегі бағалануы тиіс. Адал талдау жасап, мәселені шешу үшін дұрыс шешімдер әзірлеу қажет. Тәрбиешінің кәсіби өсуіне әсер ететін барлық факторларды зерттеу керек: білім берудегі үнемі өзгеріп отыратын тенденциялар, ата-аналардың жоғары талаптары шиеленіс тудырады. Жасыратыны жоқ, қазір көп ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуді тәрбиешінің мойнына жүктеп қойған. Педагог мәртебесін арттыра отырып, қоғамдық пікірді өзгерту қажет, – дейді Лейла Куленова.

Мамандардың пікірінше, мұғалім өз қажеттіліктеріне сәйкес компьютерлік сауаттылық, инклюзия немесе басқа бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстарын таңдауы керек. Содан кейін ғана біліктілікті арттыру орталықтары бір-бірімен бәсекелесе алады.

Бүкіл әлемде балаларды ерте дамыту жүйесі тренд болып табылады. Съезд республика педагогтерін басым бағыттарға бағыттайды: кадрларды даярлау, 0 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ерте дамыту және инклюзивті білім беру, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету», – деп бөлісті педагогика ғылымдарының кандидаты Бахытжамал Арзанбаева.

Пандемияныңекіжылы бүкіл әлемнің білім жүйесі үшін ауыр сынаққа айналғаны белгілі. Осы ретте, білім беруді карантин жағдайына бейімдеу үшін оқушылар, ата-аналар, мұғалімдержаңа жүйемен жұмыс істеуге қашанда әзір болу қажеттігі айтылды.

Пандемияға дейін біз қашықтықтан оқыту әдістері қаншалықты қажет екендігі туралы ұзақ талқыладық. Тәжірибеміз аз болды. Енді іс-шаралардың белгілі бір бөлігін онлайн форматта өткізілуіне ешкімнің күмәні жоқ. Қашықтықтан оқытуға мәжбүрлі ауысу әрине, көптеген проблемалардың бетін ашты.Бірақ әріптестерге цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттілікті арттыруға мүмкіндік берді. Егер бұған дейін мысалы, ZOOM деген не екенін ешкім білмесе, қазір кез келген педагог қалай жұмыс істеуді, балаларды бағалауды, интернет-платформаларды, ақпараттық жүйелерді қалай пайдалануды меңгерді, - деді ол.

Әрине, дәстүрлі оқыту форматы ең қолайлы. Өйткені, білім беру тек ақпарат беру ғана емес. 

Балалардың мектепке немесе балабақшаға келіп, бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қашықтан қамтамасыз ету мүмкін емес. Әрі қарай, аралас форматқа көшеміз. Біз көбінесе дәстүрлі форматты қолданамыз, бірақ кейбір дүниелерді біртіндеп қашықтықтан оқыту арқылы үйренуіміз керек.  Бұл әрине, болашақтың мәселесі.Тағы бір айтарым, педагог мәртебесі қабылданған заңдарға емес, оның тұлғалық болмысына байланысты. Егер мұғалім айналасындағыларға өзінің кәсіби іс-әрекетімен үлгі көрсетсе, онда оның қоғамдағы мәртебесі де әрдайым жоғары болары сөзсіз, – деп қорытындылады министр Асхат Аймағамбетов.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы