Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімі 1 жылға дейін қысқартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының жерді пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз» дегендей,  жаңа Қазақстанды құру үшін жаңа бастамалар қажет және одан жер секторы да шет қалмайды, сондықтан біз алдымызға мынадай міндеттер қойдық: Бірінші міндет – Жер ресурстарын басқару комитеті жанындағы консультативтік-кеңесші органның жұмысын жандандыру, - деді Теміржанов. 

Оның айтуынша, жер мәселесі өте өзекті және әлеуметтік тұрғыдан сезімтал.

Жер қатынастары саласында қабылданған оң өзгерістер бұрмаланып, қоғамда түсініспеушілік, кейде наразылық тудыратын жағдайлар жиі кездеседі.Осыған байланысты «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында министрлік Жер ресурстарын басқару комитетінің жанынан консультативтік-кеңесші орган – сараптамалық кеңесті құрды, оның құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері мен қоғамдық пікір көшбасшылары, саясаткерлер, сарапшылар, журналистер, ауыл шаруашылығы саласындағы қауымдастықтар мен бірлестіктердің өкілдері бар, - деді ол. 

Теміржанов екінші міндет  топырақ және геоботаникалық зертханаларды Жер ресурстарын басқару комитетіне қайтару екенін айтты. 

Бүгінгі таңда министрлік жер туралы ақпараттық ресурстың ең ірі тұтынушысы бола отырып, іс жүзінде бақылау құралдарынан ажыратылған және Цифрлық даму, инновациялар министрлігінің ведомстволық бағынысты кәсіпорны жүргізетін топырақ-геботаникалық зерттеулер бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды ғана қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Аэроғарыш өнеркәсібі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ 2016 жылы құрылған. Үшінші міндет – «республика – облыс – аудан» қағидаты бойынша мемлекеттік бақылаудың бірыңғай вертикалды жүйесін құру,- деді ол. 

Ол атап өткендей, 2022 жылғы 3 қаңтарда Мемлекет басшысы заңға қол қойды.

Ол заң бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін мәжбүрлеп алып қою мерзімін қатарынан 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартылды. Алаңға бармай-ақ ғарыштық мониторинг арқылы мемлекеттік бақылаудың жаңа механизмін енгізу көзделген, - деді Теміржанов.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы