Павлодарлықтар іс жүзінде болмаған ыстық суға ақша төлеп келген
Павлодар облысының прокуратурасы 20 мыңнан астам тұтынушының құқығын қорғады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Павлодар облысының прокуратурасы «Павлодарэнергосбыт» ЖШС және «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС монополистердің жаз мезгілінде іс жүзінде болмаған ыстық су үшін абоненттік төлемақыны есептеген заңсыз қызметіне жол бермеді.
Қадағалау актісін қарау нәтижелері бойынша Павлодар және Екібастұз қалаларының 20 мыңнан астам тұрғынына қызметтер құнын төмендету жағына қарай қайта есептеулер жүргізілді, яғни наурыз айындағы түбіртектерінде көрсетілетін болады. Табиғи монополиялар субъектілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген Павлодар облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде пияз қымбаттай ма? – Министр жауап берді
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы