Павлодарлықтар әдемі көлік нөмірлеріне қанша қаржы жұмсады

Ертіс өңірінің жүргізушілері темір тұлпарларына әдемі нөмір сатып алуға 717 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсаған, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Бұл – павлодарлықтар 7 ай ішінде жұмсаған қаржы. Азаматтарға арналған Үкімет корпорациясы облыстық филиалының директоры Асылбек Сапарбектің мәліметінше, өткен жылы автокөлік иелері мемлекеттік тіркеу номерлеріне шамамен 224 миллион теңге төлеген.

VIP-нөмірлерге қызығушылық жоғары. Халыққа қызмет көрсету орталығына келген тұтынушы қсынылған нөмірлер ішінен қалағанын таңдай алады. Сонымен қатар, тапсырыс беру мүмкіндігіне ие. Яғни, тегі, есіміне сәйкестендіре алады. Тіпті, сандарды әріптік белгілермен үйлестіріп жасата алады. Көлік құралы сатылған жағдайда клиент мемлекеттік тіркеу нөмірін өз атына сақтап қоюға құқылы. Оның сақтау қызметі 10 мың теңге тұрады. Көлік иесі сақтауды қаламаса, жарты жылдан соң нөмір жойылады. Ал әдемі нөмірлерді сақтау мерзімі шектеусіз, - дейді Асылбек Сапарбек.

Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта автокөлікті мобильді қосымшалары арқылы қайта тіркеу сәтті қызметтердің қатарына енді. Темір тұлпар иелері халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, электронды үкімет немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын тиімді пайдаланып келеді. 

Бүгінде  қаржы институттарының сервисі арқылы осындай 18 мыңға жуық қызмет көрсетілген. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы