Павлодарлық жедел жәрдем қызметкерлері әйелді үйде босандырып алды
Павлодар облысының 103 жедел жәрдем қызметінің пультіне әйелдің мерзімінен бұрын босана бастағаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды BAQ.KZ Денсаулық министрлігіне сілтеме жасап.
Диспетчер медициналық алғашқы көмек туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық бере отырып, «қоңырауды ұстап тұру» әдісін қолданды.
Оқиға өткен аптаның соңында болды. Шақырту атауы бірдей қаладан 14 шақырым жерде орналасқан Ақсу кентіндегі көпқабатты үйден келіп түсті. 103-ке қоңырау шалған 31 жастағы әйел жүктіліктің 28-ші аптасында мерзімінен бұрын босана басталғанын хабарлады.
Медициналық топ жолда келе жатқанда, жедел жәрдем диспетчері пациентпен байланыста болды. Ол әйелге кішкентайдың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы нұсқау берді. Дәрігерлер шақыртудан кейін 8 минуттан соң келді.
Алайда, үйде босану кезінде белгілі бір асқынулар пайда болды. Содан кейін бұл жерге гинеколог дәрігер мамандығы бар жедел жәрдем кіші станциясының меңгерушісі шақырылды.
Әріптестерімен бірге олар нәрестені туғызып алды және барлық қажетті емшараларды орындады. Кейін анасы да, баласы да Ақсу қалалық ауруханасына жеткізілді. Қазір олар мамандардың бақылауында.