Павлодарлық үкіметтік емес ұйымдар 500 мың теңге көлемінде гранттар ұтып алды
Ертіс өңірінің волонтерлік ұйымдары әлеуметтік жобаларын жүзеге асыру үшін 500 мың теңгенің гранттарына ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.
Гранттар байқауына қатысуға 17 өтініш түскен. Қазылар алқасы үздік жобаларды таңдап алды.
Конкурстық комиссияның хатшысы Русана Самекованың айтуынша, «Зооволонтерлік» бағыты бойынша облыстық итбегілер клубы ұтып алған.
Жобаның басты мақсаты – үй жануарларына көмек көрсету. Еріктілердің идеясы «Көмек табаны» деп аталады. Белсенді азаматтар қаңғыбас ит-мысықтарға арналған орталықтарға көмектеседі. Дәрумен, арнайы тағамдар тасымалдап қана қоймай, жастарды үй жануарларына қамқорлықпен қарауға шақырады, - дейді хатшы.
Ал «Забота» еріктілер клубы жалғызбасты қарттарды қамқорлыққа алмақ. Үкіметтік емес ұйым өкілдері зейнеткерлерге үй шаруасында көмектесуді көздейді. Сонымен қатар облыстық қарттар үйінде бірнеше шара ұйымдастырады. Үздік жобалардың қатарында География үйінің «Жасыл жол» атты идеясы бар. Жастар аймақта кэологиялық туризмді дамытуға атсалысуға бағытталған шараларды қолға алмақ.
Жобаның бірнеше бағыты бар. жастар бірегей Шалдай орман массивінің жағдайын тексереді, топарықтың жай-күйін анықтап, Ертіс өзенінің жанып кеткен учаскелерін анықтаумен айналыспақ. Сонымен қатар өзеннің айналасын тазарту үшін ескекті жүзу сапарын ұйымдастырмақ. Жоба қорытындысы ретінде фотосуреттер көрмесі де өтеді, - дейді комиссия мүшелері.
Айта кетейік, Павлодар География үйі – өңірдегі ірі үкіметтік емес бірлестіктердің бірі. Ұйым белсенділіренің мұрындық болуымен 5 мың кітап қоры бар қоғамдық кітапхана, этнографиялық және геологиялық музей ашылған.