Павлодарлық тұрғын өз анасын бауыздап өлтірді
Павлодарда жантүршігерлік оқиға болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Pavlodarnews.kz таратқан мәліметке сәйкес, тұрғын анасын бауыздап өлтіріп, кейін өзі де суицид жасамақ болған.
Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы Тереңкөл ауылына таңертең ерте шақыртудың болғанын растады.
Оқиға орнынан ұрсақ қуысы мен мойнының бірнеше жерден кесіліп, тілінген жарасымен 62 жастағы әйелдің мүрдесі табылған. Көмекке келген дәрігерлер оның биологиялық өлімін тіркеді.
35 жастағы ер адам терең жарақатпен Тереңкөл аудандық ауруханасына жеткізіліп, шұғыл ота жасалған.
Ер адамның сөзінше, ол анасын пышақтап, одан соң өзіне қол салып, өмірімен қош айтыспақ болған, - деп нақтылады дәрігерлер.
Фактіні аудандық әкімдік те растап отыр.
Қайғылы оқиғаның болғаны рас. Ұлы анасын өлтірген. Ер адамға ота жасалды, қазір ауруханада жатыр, - деді әкімдік қызметкері.
Белгілі болғандай, тергеу жүргізілуде.