Павлодарлық қыз ағасына хабарлама жазып, жоғалып кетті

"VITA" отрядының мүшелері екінші күн 25 жастағы Әсем Тайлақованы іздеп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еріктілердің айтуынша, Тайлақова 5 шілдеде үйден кеткен. Бұған дейін ол ағасына суға батып кеткісі келетіні туралы хабарлама жіберді. Содан бері қызды ешкім көрмеді, ол үйге оралмады. Бұл туралы Тенгриньюс жазды.

Павлодарлық келіншектің жұбайы оның жоғалып кеткені туралы хабарлады.

Бүгін іздеу барысында біз әйелді бақылау камерасынан көре алдық. Жаяу Мұса көшесіндегі үйдің кіреберісінен шығып, шағын базардың жанынан өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алды, - дейді еріктілер.

Қыздың қайда екенін білетіндер полицияға немесе VITA тобына хабарлауын сұрайды.

Жоғалған келіншектің мұрынында мең бар. Ол қызыл жейде мен қара шалбар киіп, өзімен бірге кішкентай қоңыр сөмкені ала шыққан.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы