Павлодарлық құтқарушылар СҚО-да су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

Павлодарлық құтқарушылар Солтүстік Қазақстанда су тасқынына қарсы жұмыстарды жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары тұрғындарды, үй жануарларды, материалдық құндылықтарды эвакуациялаумен айналысып, су басқан аудандарға азық-түлік жеткізу бойынша жұмыстар атқарылды. Құтқарушылар саяжай учаскелерін аралап, жергілікті тұрғындарды эвакуациялау туралы хабардар етуде. Эвакуация кезінде Ертіс өңірінің Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен Заречный кенті мен Петропавл қаласының 9 тұрғыны тексерілді, - делінген хабарламада.

Жұмыстар тәулік бойы атқарылуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы