Павлодарлық оқушы мұғалімін пышақтады

Павлодар қаласында №14 мектеп оқушысы сыныптасы мен мұғалімін жарақаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Мұқышеваның айтуынша, оқыс оқиға кезінде екі адам зардап шекті.

Мектеп мұғалімі мен 16 жасар оқушы Павлодар қаласының стационарларына жеткізілді. Азаматша қалалық ауруханада, ал жеткіншек облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер жарақаттарын өңдеп, асептикалық таңғышпен орады. Зардап шеккендер хирург пен травматолог дәрігердің қарауында болды, медициналық тексеруден өткізілді. Екеуі амбулаториялық емдеуге жіберілді. Жасөспірім мен педагогтің иық тұсы пышақпен жарақаттанған болып шықты. Абырой болғанда, қан тамырлары зақымданған жоқ. Қатты қан кету болған жоқ. Олардың жағдайы қанағаттанарлық, өмірлеріне ешқандай қауіп жоқ, - дейді Айгүл Мұқышева.

Мамандардың айтуынша, мұғалім мен жеткіншек екі оқушының ұрыс-керісі салдарынан зардап шекті. Сол сәтте бір оқушы пышақ алып шыққан. Мұғалім екі оқушыны ажыратпақшы болған кезде жарақат алды.

Полицейлердің хабарлауынша, екі адамды жарақаттаған оқушы ұсталды. Ал өзге ақпарат тергеу амалдары барысында таратуға жатпайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы