Павлодарлық кәсіпкердің 80 ара ұясы су астында қалған
Павлодар облысындағы Розовка ауылында қарғын судан тұрғын үйлер ғана емес, бүтіндей бір омарташылық су астында қалып қойды. Қазіргі уақытта 80 ара ұяшығының иесі мемлекеттен өтемақы күтіп отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің хабарлауынша, жеке кәсіпкер мүлкін өз бетінше құтқармақшы болған. Алайда, қарғын су бой бермеді. Ұяшықтардың барлығы құрдымға кетті.
Омарташы осы уақытқа дейін өтемақы бойынша өтініш жазды. Шығын көлемі 2,8 млн теңге көлемінде есептелді, - дейді палата өкілдері.
Жеке кәсіпкерлік басшысы Николай Хохленконың айтуынша, қар суы түнгі уақытта келген.
Ара ұялары арнайы жабдықталған жертөледе тұрды. Су келген бойыда жасанды үйінді жасап алдық. Таңертең шықсам, екі корпусты ұялар суға кетіп қалыпты. Судың биіктігі бер метрден асып кетті. Тасқынға қарсы шаралар нәтиже бермеді. Дегенмен, араларымыз жақсы қыстап шықты. Биылғы жазда бал молынан жиналады деген үміт болды. Төтенше жағдайдан соң өтініш жазып, акті құрылды, - дейді кәсіпкер.
Оқиға бойынша арнайы комиссия тиісті шараларды жүргізген. Құжаттарды жинауға жергілікті кәсіпкерлік бөлімінің мамандары көмектескен. Абырой болғанда, кәсіпкердің құжаттары түгел. Ресми құжаттар қолда бар, ал салықтарын жыл сайын төлеп келеді. Облыстық кәсіпкерлік палатасы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр.
Қазіргі уақытта зардап шеккендердің шығындарын өтек бойынша өтініштер абылданып жатыр. Облыста су тасқыны кезінде 38 баспана бүлінді. Шығын 47 миллион теңге мөлшерінде болды. Ал Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылында қарғын су салдарынан апатты деп танылған бес үйдің орнына жаңа баспана салыналы. Құрылыс жұмыстары үш ай ішінде аяқталады.