Павлодарлық із кесуші ит 100-ден астам қылмыстың бетін ашты

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңіріндегі Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің патрульдік-із кесуші төбеті еліміздегі үздік бестікке енді.

Арес есімді бельгиялық овчарка 13 жыл бойы Отан алдындағы борыныш мүдірмей орындап келеді. Төбет бүгінгі таңда есірткі бизнесіне қатысы бар қылмыскерлері іздеудің һас шебері және әскерилердің сенімді серігі. 

Бельгиялық оваркамды достарым үйлену тойыма сыйға тартқан болатын. Алдымен итімді үйде жаттықтыра бастадым. Кейін әскери қызметке әкелдім. 10 жыл бұрын келіп, бүгінгі күні кәсіби қызметтік төбетке айналды. Күшік кезінде оның бойындағы ерекше қасиеттерді байқадым. Тәртіп пен тәрбиеге назар аударып, жаттыға бастадық. Ішкі істер министрлігінің жанындағы кинологиялық орталыққа біліктілігімізді арттырдық. Кейін іріктеуден өттік. Төбет аргессивті болмауы керек, - дейді 5512 әскери бөлімінің қызметшісі Елсұр Харуллин.

Арестің қожайыны өз итін 12 айынан бері жаттықтырып келеді. Жаттығу жұмыстары күнбе күн жүргізіледі. Арес ішк істер министрлігі жүргізетін жарыстарда Арес бірінші орындарға ие болып келеді. 2019 жылғы байқауда да жеңімпаз атанды. Екі жылдық үзілістер соң қызметтік иттер арасындағы жарыстар қайта жанданады. Арес кезекті рет бағын сынамақ.

Айта кетейік, әскери бөлімнің жанындағы кинологиялық орталықта 14 ит бар. Кинологтар арнайы бағдарламалар бойынша оқытылып, біліктіліктерін үздіксіз арттырып келеді. Орталыққа күнбе күн бірнеше шақырту түседі. Төбеттердің барлығы есірткі, жарлығыш заттар, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу шараларына қатысады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы