Павлодарлық дәрігерлер сый құрметке ие болды
Павлодар облысы , BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің ақ желеңділері төл мерекелері қарсаңында сый-құрметке бөленді. Бір топ дәрігер марапаттарға ие болды.
Кәсіби мейрамға орй 40-қа жуық сала қызметкерлеріне жоғары деңгейлі марапаттар табысталды.
Сіздер үшін басты құндылық – науқастардың денсаулығы. Ал олар – облыс тұрғындары. Сондықтан, сіздер үшін қолайлы жағдай жасауымыз керек. Медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен қамту, кадрлардың біліктілігін арттыруға қаржы бөлу, жас мамандарды әлеуметтік қорғау маңызды міндеттердің қатарында. Биыл медициналық колледж жатақханасының реконструкциясын аяқтаймыз. Бір ғимарат жас мамандарға арналған баспана ретінде қайта жөнделеді. Осы айда №1 қалалық аурухананың ғимаратында заманауи құралдармен жабдықталған гибридті операциялық бөлмелер құру және мамандарды даярлау бойынша жұмыстар басталады. Облыс орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарының желісін кеңейту жүріп жатыр. Облыстық балалар ауруханасында заманауи триаж жүйесін құруға мүмкіндік беретін жаңа корпус салу жоспарлануда, - дейді облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Аймақ басшысының айтуынша, пандемия жылдары медицина саласында стационарлар мен шұғыл көмек көрсету жүйесі жетірдірілсе, осы жылы алғашқы медициналық-санитарлық және кардиохирургиялық қызметті жаңғыртуға мән беріледі.
Медицина саласының ардагерлері назардан тыс қалмады. Павлодар қалалық №1 аураханасы күйік бөлімінің меңгерушісі Марат Қанжығалин «Алтын скальпель» аталымы бойынша марапатталды.
Салаға тоқсаныншы жылдары университетті тәмадағаннан соң келдім. Содан бері күйік бөлімінде еңбек етемін. Осындай қызмет облысымызда біреу ғана, ал елімізде небары алты бөлімше бар. Марапатқа ие болғаныма қуаныштымын. Менің ұлым да жолымды қуып, кардиология саласында жұмыс істейді, - дейді Марат Қанжығали.