Павлодарлық дәрігерлер нәрестенің өміріне араша болды

Ертіс өңірінің дәрігерлері жаңа туған балаға күрделі операция жасап, өміріне араша болды, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Павлодардағы тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, бала күрделі патологиямен туған. Дүниеге келісімен нәрестеге асқорыту атрезиясы диагнозы қойылды.

Осы патология кезінде шұғыл әрекет ету керек. Бала өмірінің алғашқы 6-9 сағаты ішінде операция алдындағы дайындық жұмыстары жүргізілді. Ота екі кезең бойынша жүргізілді. Бір сөзбен айтқанда, біз баланың асқорыту жүйесіне өңеш және асқазанмен қостық. Қазір нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық. Амбулаториялық деңгейде бақылауымызға алынды. Оны алдағы уақытта ұзақ оңалту кезеңі күтіп тұр. Бүгінде еш кедергісіз тамақтана алады, - дейді облыстық балалар ауруханасының хирургі, бөлім меңгерушісі Ерлан Рамазанов.

Нәресте асқорыту жүйесінің дамуынсыз туған. Кейін перинаталдық орталықтан облыстық балалар ауруханасына дереу жеткізіліп, ота жасау туралы шешім қабылданды. 

Мамандардың айтуынша, асқорыту атрезиясы – сирек кездесетін патология. Ерте кезеңде ота жасалмаса, баланың өмірін сақтап қалу екіталай. Сондықтан хирургиялық әрекет бала өмірінің алғашқы 36 сағаты ішінде жүзеге асырылуы тиіс. 

 Статистикалық деректерге сәйкес осындай ауытқушылық бес мың сәбидің бірінде кездеседі. Өткен жылы осы тектес бес операция жасалған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Sputnik
Өзгелердің жаңалығы