Павлодарлық азамат 149 келі балықты заңсыз тасымалдаған
149 келі балықты заңсыз тасымалдаған павлодарлық азамат анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, облыстағы Жұмыскер ауылдық округінің дала аймағында Mitsubishi Montero автокөлігі тоқтатылды.
Көліктің салонында рұқсат құжаттары жоқ жалпы салмағы 149 келі 5 қап «карась» балығы табылды. Қарасор көлінің жанында балық аулаған, - делінген хабарламада.
40 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама жасалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұқтырма өзенінде мұзды жару жұмыстары басталды
Өзгелердің жаңалығы