Павлодарлық айықтырғышта орын тапшы
Павлодар қаласындағы айықтырғышта орын тапшы, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.
Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Азамат Күркебаевтың айтуынша,
Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығында орын жоқ. Қазіргі уақытта ол жерде 24 төсек-орын бар. Мәселені шешу үшін олардың санын 55-ке көбейту керек деген ойдамыз. Себебі, кей кезде ішімдікке салынған азаматтарды ұстап, уақытша қамаға аламыз. Әсіресе, демалыс күндері орын жетпей жатады. Сондықтан, қиындықтар туындап жатады. Құқықбұзушылар орталыққа сыймай жатады, - дейді Азамат Күрекбаев.
Поилцейлердің хабарлауынша, көшеде мас күйінде жүрген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл тәртіпті бұзған адамдарды ұстап алып, айықтырғышқа жатқызылады.
Тәртіп сақшылары орталықтағы төсек-орын санын көбейту туралы ұсынысты мәслихат депуттарына ұсынған.
Қазіргі уақытта облыста «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы жүргізілуде. Оның аясында полицейлер 1,4 мыңға жуық бұзушылықтың жолын кесті. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мамандар 1398 әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесті. Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішудің 195 жағдайы және қоғамдық орындарда мас күйінде болудың 10 фактісі тіркелді.
Айта кетейік, Ертіс өңірі алкоголь өнімдерін тұтыну бойынша елімізде антирейтингте бірінші орында.