«Ертіс» футболшыларын балағаттаған павлодарлық айыппұл төлейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Матч кезінде «Ертіс» футбол командасының ойыншыларына тіл тигізген Павлодар тұрғыны 8 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Bnews.kz.
Мамандандырылған әкімшілік сотта Орталық стадионда бұзақылық жасаған Павлодар тұрғынының ісі қаралды.
«Д есімді азамат Орталық стадионда «Ертіс-Тобыл» командаларының ресми матчы кезінде «Ертіс» командасының ойыншыларын балағаттап, айналасындағы адамдарды құрметтемейтінін көрсетіп, бұзақылық жасады», - делінген Соттың хабарламасында.
Салдарынан сот «эмоциясын асыра сілтеп жіберген» жанкүйерге 8838 теңге айыппұл салды.
Сот қаулысы әлі күшіне енген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Таразда екінші «Жайлы мектеп» пайдалануға берілді
Өзгелердің жаңалығы