Жаңа жылдық сыйлыққа бөлінген ақшаны жерлестерінің еміне жұмсады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аққулы ауданының тұрғындары жаңа жылдық сыйлыққа деп бөлінген ақшаны науқастанып қалған әріптестерінің еміне жұмсауды жөн көрген. 

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

Науқастанған әйел омыртқасына жасалған отадан кейін ұзақмерзімді оңалту шараларына өтіп жатқан көрінеді. 

Александра Никитина бес жылдан бері Мәдениет үйінде еден жуушы болып істейді. Үш баласын жалғыз өзі асырап отыр. Өзі өте еңбекқор, жауапкершілігі жоғары адам. Біз оны бәріміз сыйлаймыз. Жаңа жыл қарсаңында кәсіподақ бөлген ақшаны оған табыстауды жөн көрдік. Үлкен қаражат болмаса да, жалғызбасты ананың бір қажетін өтеуге керек болар, - дейді Аққулы аулының Мәдениет үйінің директоры Самат Момынжанов. 

Бұл бастаманы ауылдың өзге де тұрғындары іліп әкетті

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы