Павлодарлық жастар Риддерге екі тонна гуманитарлық көмек жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еріктілер мен белсенділер «Қайырымды істер марафоны» республикалық науқаны аясында  өрттен кейін баспанасыз қалған отбасыларға қолдау көрсетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.


Павлодар облысы «Jas Otan» ЖҚ төрайымы Санира Жүсіпованың айтуынша, алдағы күндері гуманитарлық көмек Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында болады. 

Павлодарлықтар қиын уақытта шетте қалмай, риддерліктерге қолдан келгенше көмек көрсетуді  жөн көрді.  Жүк көлігімен өрттен зардап шеккен жанұяларға азық-түлік  және басқа да ең қажетті  заттар жіберілді. Павлодарлық жастар әрдайым көмек қолын созуға дайын. Қайырымдылық іске атсалысып жатқан жандарға алғысымызды білдіреміз,  - дейді Санира Жүсіпова. 


Аталған іс-шараны Павлодар қалалық мәслихат депутаттары мен  өңір кәсіпкерлері де қолдады.  


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы