Павлодарлық тәртіп сақшылары жолда қалған Түркия азаматына көмектесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер түн ішінде аязда жолда қалған Түркия азаматына көмектесті.
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Түркия азаматы Самсун Ақғабаттан алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
16 қаңтарда сағат 03.20-да серіктесім Төлеубай Құдабергеновпен бірге Павлодар-Қызылорда автожолын патрульдеу кезінде жол жиегінде тұрған «Мерседес» жүк көлігін көрдік. Жүргізуші Қазгидромет орталығының ескертуіне қарамастан, бірнеше күн бұрын Ресей Федерациясынан Түркияға жүкпен шыққан. Ер адам жүкті уақтылы жеткізу керек болған соң жолға шыққанын айтып ақталды. Көліктің соляркасы қатып қалған екен және қайда хабарласу, жүгіну керек екенін білмеген. Екі сағаттан астам уақыт тұрып, тоңып қалған, - деді Павлодар облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасы қызметінің аға инспекторы Арман Ғинаятов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ағзада темір жетіспеушілігінің себебі неде?
Өзгелердің жаңалығы