Павлодарлық студент Фридрих Липс кубогын жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Павлодар облыстық білім басқармасы мәлім етті.
Фридрих Липс Кубогы – баяншылар мен аккордеоншылардың халықаралық байқауы. Жас музыканттардың кәсіби шеберлігін жетілдіруге, неғұрлым дарынды және перспективалы орындаушыларды анықтауға, музыкалық мәдениетті насихаттау мен дамытуға ықпал етуге бағытталған, - делінген білім басқармасының хабарламасында.Биылғы жылы Павлодар музыкалық колледжінен байқауға «Орыс халық аспаптары» бөлімінің 3-курс студенті Руслан Галькеев бақ сынап, 2-орын еншіледі.
Байқау 3 қарашада Ресей Федерациясының Еманжелинск, Челябинск қаласында ұйымдастырылып, бейнежазбалар бойынша өткізілді.
Байқаудың көркемдік директоры – Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі, профессор Николай Ищенко, қазылар алқасының төрағасы – Ресей Федерациясының халық әртісі, профессор Фридрих Липс.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Спорттық құзға өрмелеуден ел чемпионаты аяқталды
Келесі жаңалық
«Наз» мемлекеттік би театрына - 25 жыл
Өзгелердің жаңалығы