Павлодарлық полицейлер есірткі жарнамасымен күресуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Павлодардың аулаларында кезекті велорейд өткізді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта есірткі сататын сайттардың жарнамасы бар жазбалар өзекті мәселелердің бірі."Есірткі саудагерлері есірткі заттарын сату үшін әртүрлі қулыққа барады. Трафаретті жазбалар мен граффитті суреттер арқылы интернет дүкендерінің сайттарын жарнамалайды" - деді департаментте.
Облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері @sport.ride, @mystyle_pvl қолдауымен сайттардың мекенжайлары бар үйлердің, гараждар мен қоршаулардың қабырғаларындағы қауіпті суреттерді бояу мақсатында Павлодар қаласының аулалары мен көшелерінде кезекті велорейд жүргізді. Полицейлер облыс тұрғындарын сайттардың деректерін әлеуметтік желідегі өз парақшаларына жүктей отырып, таратышулардың ықпалына түспеуін сұрайды.
"Велорейдтің негізгі мақсаты – біздің қаламыздың жастары мен өскелең ұрпақтың есірткі құралдарын пайдалануға еліктіру мүмкіндігін азайту. Сондай-ақ қабырғаларды бояп қоймай, қауіпті «өнер шығармашылықтарына» адамдардың көзқарастарын өзгерту және ойландыруға итермелеу. Сондықтанда полицейлер есірткі граффиттерінің ісіне куә болған павлодарлықтарды селқостық танытпай, әр факті бойынша дереу «102»-ге хабарлауды сұрайды. Нашақорлық мәселесіне және облысымыз бен қаламыздың тазалығына немқұрайлық танытпайтын барлық адамдарды біз әрқашан қолдауға дайынбыз", - деді департаментте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Германияда баспана бағасы қымбаттады
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы