Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарлық полицейлер заңсыз алкоголь өнімін сақтаған тұрғынды анықтады. 

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Павлодар облысы Успен ауданы ауылдарының бірінің тұрғыны заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысатыны белгілі болды.

Биыл 9 маусымда сағат 18:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінен 0,5 литр көлемдегі құрамында спирті бар сұйықтықты рұқсат құжаттарынсыз сатқаны анықталды, – деді Успен ауданының полиция бөлімінің бастығы Берік Оралов. 

Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 463-бабы (Кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді жүзеге асыру) бойынша шешім қабылданатынын атап өтті. 

Айта кетейік, биыл аудан аумағында полиция қызметкерлері кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысуға қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзудың бес фактісін анықтады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы