Павлодарлық полицейлер халықаралық іздеуде жүрген күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҰҰ "Шығыс" ӨңҚ баспасөз қызметі.
26 қазанда шамамен 18 сағат 20 минут аралығында полиция қызметкері аға лейтенант Саттаров А.Б және 5512 әскери бөлімнің сақшылары қатардағы жауынгерлер Олег Петровский және Нариман Муханов Павлодар қаласында қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету кезінде көшеде күдiк тудырған Б. есімді азаматты қолға түсіреді. Ұсталған адамның жеке басын анықтау барысында оның Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша (Адам өлтіру. ) бойынша қылмыс жасады деген күдік пен халықаралық iздеуде жүргендігі анықталды, - делінген хабарламада.
Тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында қылмыскер заң алдында тиісті жазасын алатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін
Өзгелердің жаңалығы