Павлодарлық оқушы пневматикалық тапаншамен далаға шыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үйінде пневматикалық пистолет тауып алған 12 жасар оқушы аулаға атуға шыққан, деп хабарлады Рavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Катаев көшесі, 44/5 үйдің ауласында атысқа ұқсас дыбыстарды естіген көршілер полиция шақырған.
Біз 12 жастағы оқушының 29 жастағы ағасына тиесілі шкафтан пневматикалық тапанша тапқанын анықтадық. Содан кейін үйдің ауласында бос сыра бөтелкедерін жинап, оларды атуды бастаған. «МР-53м» маркалы тапанша пневматикалық қару болып табылады және еркін айналымда сатылады, - деді ПД бастығының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.Кәмелетке толмаған баламен және оның ата-анасымен осындай фактілерге жол бермеу және қаруды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы