Павлодарлық құтқарушылар өткен тәулікте 13 адамды қар құрсауынан құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 12-13 қаңтар аралығында департамент бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 2 рет шықты. Нәтижесінде қар құрсауынан 13 адам құтқарылды, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлығын жылыту пункттеріне көшірді.Мәселен, 2021 жылғы 12 қаңтарда 23 сағат 5 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне Екібастұз қаласына қарасты Шиқылдақ ауылдық аймағында, Қарағанды облысы бағытындағы 9 сорғы станциясының ауданында 2 автокөліктің қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Шідерті кентін күзету бойынша №14 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қар құрсауынан 9 адамды құтқарып, 2 автокөлікті қар құрсауынан шығарып, одан әрі Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне орналастырылды, - дейді департаментте.Сондай-ақ, Екібастұз қаласы Төртқұдық ауылдық аймағы Бозшакөл станциясының көпіріне жетпей, қар құрсауында техника тұрып қалған. №14 өрт сөндіру бекетінің құтқарушыларымен қар құрсауынан 4 адам құтқарылып, Шідерті кентінің «Саружан» қонақ үйіне жеткізілді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да «Татуласу орталығы» жұмысын бастады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы