Павлодарлық имамдар Мәшһүр-Жүсіп кесенесінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысына қарасты қала, аудан мешіті имамдары ҚМДБ-ның «Darhan Dala» жобасы аясында қазақ халқының ұлы ойшылы, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, дінтанушы, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті тұлғасы, Ертіс-Баян өңірінің тумасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының Баянауыл-Ескелдідегі кесенесіне зиярат жасады.
Бұл туралы ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбай мәлім етті.
- Кесене басындағы мұражай ішінде имамдар Мәшһүр Жүсіптің өмірбаяны, қасиетті дінімізді насихаттау жолында атқарған еңбегі туралы ой толғап, шағын отырыс өткізді. Мәшһүр Жүсіп бабамыздың мұраға қалдырған 20 томдық еңбегінен таңдап алынған ғибратты сөздерінен біршама үзінділер айтылды, - деді Амантай Тойшыбай.Сонымен қатар, ҚМДБ тарапынан биыл қабылданған «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» құжаттарының маңызы, киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру мәселесі талқыланды.
Соңында Құран хатім етіп, ел-жұртқа жақсылықтар тілеген дұғалар жасады, - деді Амантай Тойшыбай.Айта кетейік, биыл «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ашылғанына 20 жыл толды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Элизабет анасы үшін кешірім сұрады
Өзгелердің жаңалығы