Павлодарлық жастар қарбыз жеуден жарысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Қарбыз FEST» облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Шараға оқу орындарының еріктілер жасақтары, ауыл жастары, өңір қонақтары, барлығы 400-ден астам адам қатысты. Аққулы ауданы Шарбақты ауданы «Сүйрік» шаруа қожалығының басшысы Арсен Абдрахманов фестивальге орай демеуші ретінде елуден астам қарбыз алып келген."Біздің қарбыздарымыздың құрамында силитра жоқ. Таза табиғи өнім. Бала кезімде әкем қауын егумен айналысатын. Бұл отбасылық бизнес. Жыл сайын ауа райына байланысты әртүрлі он бес шақты түрін егеміз. «Леди», «Фарао», «Холодок» деген сұрыптар танымал. Сексен күннің ішінде піседі. Жылына 250-300 тонна өнім жинаймыз. Тұқымдарын Ресей мен Қытайдан, Ресейден әкелеміз", - дейді Арсен Абдрахманов.
Еріктілер орталығының жетекшісі Саягүл Серікбекқызының айтуынша, бүгінгі шарада бірнеше алаң жұмыс істейді. «Bon appetite» кезеңінде ұлдар мен қыздар уақытқа қарбыз жеуден жарысса, «HeavyҚАРБЫЗ» бөлімінде қарбызды көтеруден сынға түсті. Сонымен қатар, №1 көркемсурет мектебінің оқушылары натюрморттан, сервис және тамақтану колледжінің студенттері «АРТбуз» алаңында қарбызды әдемілеп безендіруден шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Бұдан басқа, Ертіс өңірінің талантты жастары музыкалық нөмірлер ұсынды.
"Былтырғы жылы Batyr mall ойын-сауық орталығының аумағында өткізген болатынбыз. Биыл Жастар жылы аясында еріктілер жасақтары арасында өтті. Бұл жолы қатысушылардың саны артқаны байқалады. Ауылдық аймақтар мен қалалардан келіп отыр. Мұндағы басты мақсат - жергілікті бақша өнімдерін өндірушілерді насихаттау және көпшілікке тарату", - дейді Саягүл Серікбекқызы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде тамыз айында инфляция 0,2% құрады
Өзгелердің жаңалығы