Павлодарлық үздік білім беру ұйымдарына 30 млн теңгенің сертификаты табысталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қалалық тамыз кеңесінде өткен оқу жылының үздіктері мараптталып, мектепке дейінгі және жалпы білім беретін бірнеше мекемеге қаржылай сыйлықтар тапсырылды деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыста 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылып, облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов білім беру саласындағы жоғары кәсібилігі үшін бірнеше ұстазды ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ қаладағы педагогикалық еңбек шеберлерінің аты жазылатын «Алтын есімдер кітабына» 3 ардагер ұстаздың есімі енді.

2018-2019 оқу жылындағы рейтингтік бағасы бойынша үздік атанған 6 мектепке дейінгі ұйым мен жалпы білім беретін мектеп сертификаттарға ие болды. №120 балабақша мен №34 мектеп 6 миллион теңгенің, №126 балабақша мен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп 5 миллион теңгенің, №49 балабақша мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп 4 миллион теңгенің сертификатын алды. Оған қоса, балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша өткен «Жаз – 2019» қалалық байқауының жеңімпаздары атанған №34 мектеп пен Экология және туризм балалар орталығы қаржылай сыйлыққа қол жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы