Павлодарлық ТЖД Darmen қосымшасын қолдануға кеңес береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Darmen мобильді қосымшасы Play market /darmen және App store /darmen/ жүктеу үшін қолжетімді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы ТЖ департаментінің мәлімдеуінше, жүктегеннен кейін тек қызығушылық тудыратын жеке өңірді немесе белгілі өңірді таңдау қажет. Жедел хабарлама push-хабарламалар арқылы жеткізілетін болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды дамыту кезеңінде халықты төтенше жағдайлар туралы жедел хабардар ету үшін интернет желісіне қолжетімділігі бар азаматтардың смартфондарында, планшеттерінде және басқа да коммуникациялық құрылғыларында орнатылатын ұтқыр қосымшаларды пайдалану өзекті болып табылады. ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті I2NIK компаниясымен бірлесе отырып, Darmen мобильдік қосымшасын іске қосты, - дейді департаментте.
Ол дауылды гидрометеорологиялық құбылыстар, сейсмикалық қауіп-қатерлер, қысқы кезеңде автомобиль жолдарының жабылуы, республиканың барлық аумағында алдын алу және басқа да іс-шаралар туралы халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қысқы кезең басталғаннан кейін аталған қосымша мектеп оқушылары мен олардың ата-аналарын ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептерде сабақтардың тоқтатылғаны туралы хабарлайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысы жолдарында 26 жылыту бекеті ашылады
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы