Павлодарлықтар бокстан өткен турнирде төрт алтын медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда бокстан Қазақ КСРО еңбек сіңірген жаттықтырушы Рафаэль Вахитов атындағы ІХ халықаралық турнир мәресіне жетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Жарыс 28-31 қазан аралығында "Автомобилист" спорт кешенінде өтті. Оған Қазақстан боксшыларынан басқа Тәжікстан, Моңғолия, Ресей, Украина, Беларусь және тұңғыш рет Венгрия былғары қолғап шеберлері қатысты.
Сегіз салмақ дәрежесі бойынша өткен турнирде павлодарлық спортшылар төрт алтын, екі күміс, жеті қола медаль ұтып алды. Жерлестеріміздің ішінде 52 келіде – Махмет Төлегенов, 63 келіде – Досжан Кәбен, 69 келіде – Ерболат Зейнолла және 81 келі салмақта Шаймұрат Құсайынов үздік атанды.
"Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Спортшыларымыз жақсы нәтижеге қол жеткізіп, сапалы бокс өрнегін көрсете алды.Сонымен бірге, жеңіске жете алмаған жігіттеріміз де шетелдік боксшылармен қолғап түйістіріп, біраз тәжірибе жинақтай алды", - дейді облыстық бокс федерациясы аппаратының басшысы Жәкен Исақаев.Айта кетейік, аталған турнирде қазақстандық боксшылар айқын басымдыққа ие болды. Еліміздің спортшылары 91 келіден басқа барлық салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. 91 келі салмақта Украина өкілі Марат Григорянның мерейі үстем болды.
Рафаэль Вахитов – Павлодар және Қазақстан спортының аңызға айналған тұлғасы. Бүгінде 91 жастағы Рафаэль Ғайсаұлы талай чемпиондарды жаттықтырған боксшыларды тәрбиелеуді жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда 20 мың шақырым байланыс желісі салынады
Өзгелердің жаңалығы