Павлодарлық полицейлер "Қысқы доңғалақ" жедел шарасын өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы аумағында "Қысқы доңғалақ" жедел-алдын алу іс-шарасы өтті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Үш күн ішінде Павлодар полицейлері 728 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтады.Оның 80-і маусымдық пайдалануға шиналардың сәйкес келмеуімене байланысты болды. Ең көп жасалатын бұзушылықтардың түрі – қауіпсіздік белдіктерін тақпау, рөлде телефонмен сөйлесу, маневр жасау ережелерін сақтамау, - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.Сонымен қатар, жаяу жүргіншілердің 197 рет ереже бұзғаны анықталды. Бұдан басқа, автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін 12 жүргізуші, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 47 жүргізуші, бағдаршамның қызыл шамы жанған кезде жолды өткені үшін – 22 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
IT-қызметтер экспортының көлемі артты - Бектенов
Өзгелердің жаңалығы