Павлодарлық полицейлер борышкерлерден 6 млн теңгеден астам айыппұл өндіріп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы наурыз айының 26-29 дейінгі аралықта облыс аумағында әкімшілік айыппұлды қасақана төлемеушілерді анықтауға және оларға шаралар қолдануға бағытталған.

«Аталған іс-шара барысында полиция қызметкерлері Қайырбаев - Иса Байзақов көшелерінің қиылысында жалпы сомасы 120 000 теңгеге 6 төленбеген әкімшілік айыппұлы болған «FAW Oley» маркалы автомашинасының жүргізушісін ұстады. Автомашина арнайы айыппұл тұрағына қойылды», - делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Тексеріс барысында айыппұл тұрағына борышкерлердің 15 автомашинасы қойылып, 6 млн теңгден астам қаржы өндіріп алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы