Павлодарлық полицейлер ауылдасының көлігін ұрлаған күдіктіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жол-патрульдік полициясы ротасының қызметкерлері ізін суытпай 21 жасар күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, күдікті Екібастұзға бет алып бара жатқан."Полицейлер анықтағандай, түнгі сағат бір шамасында Майқайың ауылының 21 жасар тұрғыны ауылдасы үйінің маңында жүріп бара жатып, гараж қақпасының ашық қалғанын көрген. Гаражға кірген ол көлік есіктерінің ашық, әрі машина кілтінің от алу құлпында тұрғанын анықтайды да, тез арада гаражда тұрған құрал-саймандарды машина жүксалғышына салып, кетіп қалады", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдікті Екібастұзға барар жолда ұсталды. Сараптама нәтижелері бойынша оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Машина Екібастұздағы айып тұрағына кіргізілді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК 200 және 188 баптары аясында сотқа дейінгі тергеу жұмыстары атқарылуда. Айта кетейік, биылғы жылдың жеті айы ішінде 48 машина ұрлау фактісі тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 50% кем.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы