Павлодарлық кәсіпкерлер елордаға 40 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14-15 наурызда "Аспан базар" сауда үйінде Павлодар, Екібастұз қалалары мен Май ауданының ауылшаруашылық кәсіпорындарының қатысуымен ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Павлодарлық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 40 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып келеді. Республикада және шетелде танымал "Рубиком" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сүт" АҚ, "Кренделъ" ЖШС брендтері және басқа да кәсіпорындар елорда тұрғындарына қол жетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген түрлерін ұсынатын болады. 

Жәрмеңкеде картоп, пияз, сәбіз - 85 теңгеден, қырыққабат - 100 теңгеден, сиыр еті - 1800 теңгеден сатылады. 

Айта кетсек, осындай жәрмеңкелер наурыз және сәуір айының соңына дейін аптаның әр сенбі-жексенбі күндері өтетін болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы