Павлодарлық балалар көліксіз бір күн өткізуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Акцияға 2 мыңға жуық бала қатысты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Үнем - қоғам қуаты» арнайы жобасын іске асыру шеңберінде «Автокөліксіз күн» қашықтан қалалық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты – оқушылар мен ата-аналардың назарын қоршаған ортаны сақтау және салауатты өмір салты дағдыларын дамыту бағытындағы саналы азаматтық белсенділікке аудару. Акцияға орталықтың 2000-нан астам тәрбиеленушісі мен Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушысы қатысты, - деді білім беру бөлімінде.
Оқушылар эссе, өлең, фоторепортаж, бейнеролик түрінде күнді автокөліксіз қалай өткізуге болатынын көрсетті.
Акция қорытындысы бойынша кіші санатта (1-4 сыныптар) 5 оқушы жүлделі орындарға ие болды. 1-орынды бейнеролик жасаған №34 мектептің 4-сынып оқушысы Павел Юсупов еншіледі.
Ал, орта санатта (5-9 сыныптар арасында) сурет салған №40 мектептің 6-сынып оқушысы Әли Әдепбаев жеңімпаз атанды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
КВИ белгілері бар пневмонияның 258 жағдайы тіркелді
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы