Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы күреске 8 тікұшақ барды

Павлодар облысына шыбын-шіркейге қарсы күреске 8 әуе борты барды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр мамандар шыбын-шіркейге қарсы әуеден өңдеу жұмыстарының тиімділігін 94%-ға бағалады. Биылғы жылы ғылыми сүйемелдеу тобының ұсыныстары бойынша өңделетін алқаптың аумағы 55,5 мың га ұлғайтылды. Қосымша Павлодар және Ертіс аудандары қамтылып, әуеден өңделетін алқаптың көлемі 127 мың га құрады.

Өңірге шыбын-шіркейге қарсы күреске 8 әуе борты келді. Олардың екеуі Павлодардың әуеден өңделетін алқаптарын және Павлодар ауданының солтүстік бөлігі: Мичурин ауылынан Пресное ауылына дейінгі аумақты қамтиды, - делінген хабарламада.

Тағы 2 борт Ақсудың жайылмасын және Павлодар ауданының Подстепное ауылынан Новоямышево ауылына дейінгі оңтүстік бөлігін қамтиды.
Бір-бір борттан Ақтоғай, Тереңкөл, Павлодар және Ертіс аудандарына жіберіледі.

Әуеден өңдеуден басқа облыстың жағалау бойында орналасқан 59 ауылында күн сайын тосқауылдық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жіберілген су көлемінің артуына байланысты биопрепаратты құю нүктелерінің санын олардың арасындағы қашықтықты қысқарту арқылы 8-ден 10-ға дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.

Асайын Байханов барлық дезинсекциялық шараларды үйлестіруді тапсырды.

Әуе борттары ұшуға дайын. Әзірленген алгоритм бойынша іс-әрекет жасау қажет. Жұмыстың барлық кезеңіне жауапкершілікпен қараңыздар, - деді облыс әкімі.

Өзенді өңдеу жұмыстарының болжамды мерзімдері анықталды. 1-ші тур 16-17 мамырда басталады; 2-ші - 26-27 мамыр; 3-ші тур - 10-15 маусым. Ұзындығы 200 км асатын Ертіс өзінінің Белая, Подстепка, Теплая, Тюлька, Таллинка, Каратунь, Орлавка тармақтары және 100 км облыс орталығы мен Ақсу қаласының маңындағы ағыстар өңделеді.

Сонымен қатар өңір басшысы Жаңаауыл кентіндегі «Бактицид» биологиялық препаратын сақтау қоймасына барды. Қазір онда 212 мың литр көлемінде 30% суспензия дайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі/Валерий Бугаев
Алдыңғы жаңалық
Тайваньда жер сілкінді
Өзгелердің жаңалығы