Павлодардың үздік кітапханалары анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының үздік кітапханасына арналған «Jaña Kıtaphana – 2022» II республикалық байқауы онлайн режимінде «Облыс», «Қала», «Бір қала», «Аудан орталығы», «Ауылдық кітапхана», «Университет кітапханасы», «Колледж кітапханасы», «Мектеп кітапханасы» санаттары бойынша өтті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Байқаудың ұйымдастырушысы Нұр-Сұлтан қаласының «Өрлеу» білім беру және мәдениетті дамыту қоры» ҚБ болып табылады.
Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің кітапхана қызметкерлері байқауға белсенді қатысып, мектеп кітапхана жұмысының қызметін тиісті деңгейде көрсете алды.
Менің оқырмандарым үшін бүгінгі кітапхана - шығармашылық және ғылыми жұмыс үшін барлық жағдай жасалған нағыз ақпараттық орталық. Кітаптар шабыттандырады және ынталандырады, бұрын болжанбаған әлемді қабылдаудың жаңа қырларын ашуға көмектеседі. Оқуға деген сүйіспеншілік балалық шақтан басталуы керек. Дәл сол кездегі оқуға деген қызығушылық адаммен өмір бойы болады. Балалар мұнда келуді, кейде жай отыруды, тіпті өз мәселелерін талқылауды ұнатады. Оларға бұл жерде ыңғайлы, - дейді бас жүлденің иегері Тәтігүл Кеңесбайқызы.
Байқау қорытындысы бойынша 4 номинациядан 6 жүлделі орынға ие болып, тиісті үлгідегі «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қорының Алғыс хаттарымен және дипломдарымен марапатталды.
«Біздің кітапханаға қош келдіңіздер!» номинациясы бойынша бас жүлдені М.Әлімбаев атындағы ЖОМ кітапхана меңгерушісі Тәттігүл Алкенова, I орынды М. Әуезов атындағы ЖОМ кітапхана меңгерушісі Гүлзира Жүнісова, II орынды № 37 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Сауле Әміренова алды.
«Өлкенің тарихи тұлғалары» номинациясы бойынша ІІ орынды № 40 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Бақытгүл Байкенова және кітапханашы Нағима Жақсыбаева, «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы» номинациясы бойынша II орынды № 21 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Ақбота Шахманова және «Еркін» номинациясы бойынша І орынды № 34 ЖОМ кітапхана меңгерушісі Ануфриева Марина Октябриновна иеленді.