Павлодардың оқу орындары қытайлық әріптестерімен ынтымақтастықты кеңейтуде

Ертіс өңірінің колледждері мен университеттері қытайлық оқу орындарымен әріптестік орнатуда, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің тілшісі.

Мәселен, Торайғыров университеті Қытайдың Тарым университетімен өзара ынтымақтастық жөніндегі келісімшарт жасады. Қос тарап өндіріс пен зерттеулерге арналған Қытай-Орталық Азия халықаралық конференциясында ғылыми серіктестік мәселелерін талқылады. 

Екі университет өкілдері академиялық мобильділік аясында білім алушыларды тағылымдадан өткізуге уағдаласты. Тарым университеті 90 бағыт бойынша білім беретін 16 ғылыми институт бар

Қытай халық Республикасы –кез келген саладағы көшбасшы елдердің бірі. Көрші мемлекеттің экономикасы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Сонымен қатар, Қытай – еліміздің ірі сауда серіктесі. Білім мен ғылым туралы айтсақ, көрші мемлекет соңғы 20 жылда талай белесті бағындырды. Қазіргі уақытта қытайлық университеттер әлемде көшбасшы. Енді серіктестігіміздің арқасында біздің студенттер алдыңғы қатарлы технологиялар мен білімді меңгеру мүмкіндігіне ие бола алады. Сондықтан, университетіміз әрдайым сенімді серіктестерді іздеуде, - дейді университет ректоры Еркін Садықов.

Ал Ақсудағы Жаяу Мұса атындағы көпсалалық колледж Конфуций институтының өкілдерімен кәсіби білім беру бойынша бірлесіп жұмыс істемек. Павлодар облысы колледждерінің Альянсы, ERG корпорациясы, өңірдегі білім беру басқармасы және Қытайдың кәсіби білім беру Альянсы арасында төртжақты меморандумға қол қойылды. Нәтижесінде павлодарлық студенттер шетелде тағылымдамадан өтеді. 

Сондай-ақ, көрші ел тарабы үздік студенттерге қонақүй ісі мамандығы бойынша грант бөлуді ұсынуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы