Павлодардың дауылдан кейінгі жағдайы тұрақты – облыс әкімі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жақында өңірде болған дауылдың қалай әсер еткенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысында 18-19 қараша күндері жылдамдығы секундына 37 метрге жететін дауылды жел болған еді. Салдарынан 3 қала мен 6 ауданда 83 әлеуметтік нысан, 63 көпқабатты үй, 84 жеке тұрғын үй зардап шекті. Аймақта жергілікті төтенше жағдай жарияланған болатын.

Осы жылдың 10 желтоқсанына дейін бұзылған нысандарды толық қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз. Облыс бойынша 117 елді мекенде барлығы 100-ден астам электр желілерінің зақымдануы және 246 апаттық сөну тіркелді. Алғашқы 24 сағат ішінде 99 ауылды электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қалған 18 ауылда құлаған ағаштарды тазарту, сондай-ақ трансформаторлық станцияларды қалпына келтіру бойынша жұмыс жасалып жатыр, - деді Асайын Байханов.

Айта кетейік, 22 қарашадан бастап облыстағы барлық елді мекенге электр жарығы берілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы