Павлодардың Баянауыл ауданында су басу қаупі бар

Павлодар облыстық ТЖД су басу қаупін азайту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Көктемгі кезеңде негізгі қауіп – Ащысу, Айдос, Бала Шідерті, Қарасу өзендерінен келу мүмкін. Баянауыл ауданының 17 елді мекенде су басу қауіпі бар.

Былтырғы жүргізілген жұмыстарды ескере отырып, елді мекендерді су басу қаупін азайту үшін Баянауыл ауданының Жаңатілек, Сәтбаев, Ұзынбұлақ және Жаңажол ауылдарында көлемі 6,7 мың гектар жерде лиманды суару жүйесін қалпына келтіру жұмыстары басталды, – деді департаментте.

Бөгеттер үшін топырақ үйіндісін салу және шлюз реттегіштерді орнату жұмыстарына республикалық бюджеттен шамамен 5 миллиард теңге қажет.

Тасқын су лимандық жерлерге пайдаланылса, жер құнарландырып, 17 елді мекенді су басу қауіп едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Павлодар облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы