Павлодардың 5 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды

Павлодар облысында қатты дауыл мектептің төбесін жұлып әкетті. Салдарынан 38 ауыл электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Павлодар облысында дауылдан мектептің шатыры жұлынып кеткен. Белгілі болғандай, облыстық әкімдік мәліметінше, 9 ақпанға қараған түні желдің жылдамдығы секундына 28 метрге жеткен.  

Өңірдің 38 елді мекенінде ішінара электр энергиясы өшірілді. 4276 үй жарықсыз қалды. Сонымен қатар қолайсыз ауа райының кесірінен Жетекші ауылындағы орта мектептің шатыры жұлынып кетті. Шатырдың шамамен 30 ш.м. зақым келген, - делінген әкімдік хабарламасында.

Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша облыстың үш ауданында қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: Баянауыл ауданы - Сұлужон және Қойтас, Ертіс ауданы - Степное ауылы, Шарбақты ауданы - Сынтас ауылы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы