Павлодардың көрікті жерлерінде туристік автобус жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экскурсия шамамен 2,5-3 сағатқа лайықталған, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Пилоттық режимде бастау алған туристік автобус 15 қаңтарға дейін күн сайын сағат 12:00-де тестілік режимде тегін жұмыс істейді. Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Арыстан Кенжалиновтың айтуынша, бүгінде жоба авторлары автобус бағытын пысықтап, шаһардың 7 негізгі көрнекі нүктесін анықтаған.Бірінші аялдама – "Қаз қонақ", одан әрі правослов собор, өзен жағалауы, Ertis мұражайы, өлкетану мұражайы, Шафер мұражайы және мешіт. Қызықты мәліметтер мен тарихи оқиғаларды баяндайтын гид-экскурсовод болады. Гид – өлкетану мұражайының қызметкері. Экскурсия шамамен 2,5-3 сағат уақыт алады, - дейді Арыстан Кенжалинов.Туристік автобуспен экскурсия белгілі бір топтағы адамдар үшін ғана емес, кез келген қала қонақтары мен өлке тарихына әуес павлодарлықтарға қолжетімді.
Автобус маршрутына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Тізімге қосатын қосымша орындар болса, біз қуана қарастырамыз. Өз ұсыныстарыңызды қаланың кәсіпкерлік бөліміне жіберуге болады. Оған қоса, еріктілер жылы аясында бірегей жоба құруды жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің туризм кафедрасымен бірге университет студенттерінің аталмыш туристік автобуста гид-экскурсовод болып өндірістік тәжірибеден өткізу мүмкіндігін қарастырудамыз, - дейді қала әкімінің орынбасары.Туристік автобустың пилоттық режимінен кейін негізгі аялдамалар, яғни қаланың негізгі көрікті жерлері анықталатын болады. Айта кетерлігі, халық тарапынан сұраныс болса, алдағы уақытта арнайы туристік автобус сатып алу мүмкіндігі қарастырылмақ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ғалымдар көп салмақ қосуға себептесетін өнімдерді атады
Өзгелердің жаңалығы