18 Шілде 2026, 16:21 Фото: istockphoto.com

Павлодардан 200 шақырым аумақта жер сілкінді

Оның магнитудасы 4,9 балды құрады.

Қазақстан мен Ресейдің шекаралас аумағында магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпулері 2026 жылғы 18 шілдеде Астана уақытымен сағат 02:09-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі екі елдің шекаралас аймағында, Павлодар қаласынан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Эпицентрдің координаттары – солтүстік ендіктің 53,36 градусы және шығыс бойлығының 77,96 градусы, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 18 шілде күні таңертең сейсмологтар тағы бір жер сілкінісін тіркеді. Бұл жолы оның эпицентрі Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 10:47-де болған.

Екі жер сілкінісінің де Қазақстан аумағында сезілгені, сондай-ақ зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ.