Павлодардағы ЖЭО-2-де жұмысшы қаза тапты
2025 жылдың 23 қыркүйегінде "Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-2 аумағында қайғылы жағдай болып, 33 жастағы жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы хабарлағандай, шақырту сағат 14:48-де түскен, ал 9 минуттан кейін бригада оқиға орнына жеткен.
Алайда зардап шеккен жұмысшыны құтқару мүмкін болмады. Ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.
"Павлодарэнерго" АҚ ЖЭО-2 аумағында жазатайым оқиға болды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-санатты дәнекерлеуші алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті.
Барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы