Павлодардағы өрт: Екі баласы қаза тапқан отбасына 3 бөлмелі пәтер беріледі
Ертіс ауданы әкімдігі өрттен екі баласы қаза тапқан отбасына пәтер берілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ертіс ауданының әкімдігі қайғылы оқиға орын алған отбасының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Өрт салдарынан зардап шеккен отбасыға үш бөлмелі пәтер беріледі. Қажетті жиһаз, киім-кешек және тұрмыстық керек-жарақтар сатып алынды. Жерлеу рәсімдерін ұйымдастыруға да тиісті көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта отбасы мүшелерімен психологтар жұмыс істеуде, - деп хабарлады Ертіс ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Павлодар облысында Ертіс ауылындағы жекеменшік үйде өртеніп, салдарынан екі бала қаза тапқан болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қыста шетелге саяхаттау арзан болады – маман
Өзгелердің жаңалығы